Эссе және өлең-жыр байқауы

Мақал-мәтелдер

Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.

Ілмектер: аққу, сүт, жылқы, өт

Аққа өлген жақсы.

Ілмектер: ақ

Ақсақ қой артынан маңырайды.

Ілмектер: қой, ақсақ

Ақсұңқардың баласы алтау болар,
Бесеу болар, ішінде біреуі қу болар.
Қу ала алмаған жаманы
Құладынға қор болар.

Ілмектер: қор, қу

Ақсұңқар атқа ғашық,
Күйкентай жемге ғашық.

Ілмектер: ат, жем, ғашық

Арамзаға дуа бітпес.

Ілмектер: арамза, дуа

Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.

Ілмектер: құс, бала, жалғыз, жалғыздық

Ақ көт, қара көт суға түскенде мәлім болар.

Ілмектер: су, мәлім

Ақкөңілдің аты арымас, тоны тозбас,
Кең болса, келе болмас.

Ілмектер: Ақкөңіл, тон, тозу

Ақкөңіл — адам ойының тазасы,
Әділ, тура, ақкөңілге не жетсін,
Парасат пен білімді де қажетсін.

Ілмектер: парасат, білім, ақкөңіл, ой, әділ

Ақ иіліп, сынбайды.

Ілмектер: ақ, сыну, иілу

Ақ болсаң, қараға жуыма,
Аққа қара тез жұғады.

Ілмектер: ақ, қара

Ақ ақталар,
Қара байланар.

Ілмектер: ақ, қара

Айырылатын тамыр
Ердің артқы қасын сұрайды.

Ілмектер: тамыр

Айрылайын деген дос
Ердің артқы қасын сұрайды.

Ілмектер: дос

Айырдан жампоз туады
Аруанаға бергісіз.
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз.

Ілмектер: айыр, жақсы, жаман, ас

Айы біткен айда өтер,
Күні біткен күнде өтер.
Күні өтерін білмеген,
Бейілі кетіп, пір кетер.

Ілмектер: ай, күн

Айтылмаған сөздерің саф алтындай,
Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.

Ілмектер: сөз, алтын, тіс, бақыр

Айтылған сөзді қайтарып ала алмайсың.

Ілмектер: сөз

Айтылады тілменен сөз, сыр ішің,
Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.

Ілмектер: сөз, сыр, бедел, ырыс, жақсы