Эссе және өлең-жыр байқауы

Жұмбақтар


Жоғарыдан айдадым,
Белін жіппен байладым.
Сыпыра тақта астында,
Шалып, қағып ойнадым.

Іс машинасы



Қара күшігім қаңқ етті,
Дауысы Бұхарға жетті.

Мылтықтың даусы



Өмір-өмір өмірден,
Жаққан оты көмірден.
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.

Мылтық, оқ



Судыр-судыр жүрегім,
Судыр қара дөненім.
Желіп кетсе жеткізбес,
Түсіп кетсе таптырмас.

Ор



Болғанда екі құлақ, екі шелек,
Бітіпті ортасында шынар терек.
Теректің сабынан ба деп ойлаймын,
Тұрады жауын жауып, күн себелеп.

Насос



Бір нәрсе жіппен байлап қойған мықты,
Адаммен қатынасы сондай күшті.
Саңқылдап керек затқа хабар берер,
Бір жерін аңдаусызда басса жетті.

Телефон



Бір нәрсе әуенменен сөйлеп қатты,
Әуеден оның өзі керек тапты.
Сөйлесе маңызды сөз әңгімесі,
Қаратады аузына жамағатты.

Радио



Бір нәрсе бар дүниеде тұмсығы ұзын,
Әп-сәтте аралайды жердің жүзін.
Санап көрсем көп адам таниды екен,
Таптырмайтын десе де басқан ізін.

Радио



Бір жәшік төртбұрышты сырғасы бар,
Көтерсең сырғасынан дауыс шығар.
Қанша алыс болсаңдағы екі сырға,
Естіліп бір-біріне жақын қылар.

Телефон



Су ішінде өрмек құрдым,
Ала жаздай ермек қылдым.

Ау



Судан шыққан тасбақа жалмаңдаған,
Тұмсығын қайқаңдатып сумаңдатқан.
Денесі болат темір сондай мықты,
Артқы жағы бұрқылдап сырдаңдаған.

Моторлы қайық



Бір хайуан зырлап ұшады екі аяқ,
Көлденең тірегені айқыш таяқ.
Екі қол-аяғында дабыл болмас,
Жүреді тілін білсең шапшаң жай-ақ.

Велосипед



Бір құс бар өзі үлкен көп аяқты,
Қанаты, жүні әдемі салтанатты.
Адамды қиқу салып шақырады,
Қанатын су үстіне шылпылдатты.

Пароход



Бір зымырық дүниеде екі аяқ,
Күш берген оған дағы аямай-ақ.
Адамды көтеріп ол ұшады екен,
Былқылдап құс төсектен жұмсақ тұяқ.

Велосипед



Жақындаған нәрсенің,
Бірі өзгермей қалмаған,
Жегендері қайталап,
Ағып жатыр артынан,
Шыққандай-ақ қоймадан,
Кейін керек болар деп,
Асылын сақтап ойлаған.

Комбайн



Бір алыпты мен көрдім,
Көрінгенді қармаған.
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.

Шөп тырма



Келетін ғажайып бар әр тараптан,
Екпіні бір кем емес, атқан оқтан.
Үстінде неше түрлі нәрсесі бар,
Бу шығып құлағынан бұрқыратқан,
Ысқырып, ыңыранса азан-қазан,
Қос көзін маңдайында жылтыратқан.

Поезд



Қалмайды бір-бірінен, тағы озбайды,
Аяғын көз ілеспес ол қозғайды.
Үстіне не салсаң да тиеп алып,
Қара інген ботасы жоқ құр боздайды.

Паровоз



Пісетін кезі дәл Күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...

Шабдалы



Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр.

Құмырсқа