Эссе және өлең-жыр байқауы

Жұмбақтар


Қық-қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді.

Тауық



Судан шықса баладай,
Тәй-тәй басып қалады-ай.

Қаз



Қанаты бар,
Қауырсыны жоқ.

Жарқанат



Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды.

Жапалақ



Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.

Жұмыртқа



Аяғы түйеге ұқсайды,
Құс болса да ұшпайды.

Түйеқұс



Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Өсекшіге ұқсап,
Құйрығы ұзын, ала.
Бұл қандай құс, бала?

Сауысқан



Сөз үйретсең қайталайды,
Өздігінен айта алмайды.

Тоты



Күндегі тамағы –
Балықтың шабағы.
Теңізге барғандар,
Жағадан табады.

Шағала



Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі.

Аққу



Жапанның желдей жүйрiгi,
Жетедi көктiң бұйрығы.
Жеткенде бұйрық, апыр-ай,
Шошаңдай берер құйрығы.

Бүркіттің қоян алуы



Япырым-ау, бір мақұлық осындай-ау,
Қасында екі сойыл емес жаяу,
Шабатын өткір оның қылышы бар,
Қолына түскен жанды болмайды аяу,
Жымқырып қиып алып шықса кәне,
Аспанның ол бір түрлі нажағайы-ау.

Бүркіт



Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?

Орамжапырақ



Пошымы бар домалақ,
Көріп қойдым сығалап.
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.

Картоп



Асты тақта,
Үсті тақта,
Ортасы жасыл мақта.

Пісте



Бір тауық балапан басты жерге кіріп,
Баласын шығармақшы жерде жүріп.
Ол жерден мойнын созып балалады,
Қарасақ, мыңнан да көп бетін жырып.

Жүгері



Алыстан көрсем ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас.

Күріш



Бала-бала, балалар,
Мүйізінен су шіп,
Таяғынан балалар.

Тары



Өзі қызыл,
Бауырында бар,
Жалғыз сызық.
Бұған жұрттың,
Бәрі де ынтық.

Бидай



Мезгілсіз піспейді.
Піспей түспейді,
Шыңнан құласа,
Шекесі іспейді.

Жаңғақ