Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Дос болам десең

  • admin
  • 17.04.2015
  • 1
  • 23
  • 74030
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің...
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып...
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген - адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен.
Қыран күлкі-тамаша - бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?
Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл,
Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?!
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!
Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп: - Ей! - деседі,- өй! - деседі.
Шіркіндер-ай, даурығып тыңдар емес!
Есіме ап, тост көтертсем, кейде сені.
Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан - қызықсыз бос қырманда.
Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,
Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.

Басқа да өлеңдері

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды

  • 0
  • 0

Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды,
Ақылымның есігінен аттай бере жығылды.
Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап,
Кей пенделер қайнатады-ау, қайнатады-ау зығырды.

Толық

Фантазия

  • 2
  • 33

Жеті қат жерің мына төңкерілген,
Жеті қат аспанменен көмкерілген.
Адамзат оның бәрін ерте білген,
Ертегіде табысқан ертеңімен,

Толық

Қалалық зиратхана

  • 0
  • 0

Өлік сақтар қаланың қақпасының алдында,
Шудан қашып, мекерсіп, кілт тоқтадым бардым да.
Өліп қалған жезөкше бір әйелді әкелді,
Керегі жоқ ешкімге дене жатты алдымда.

Толық

Пікірлер (23)

Бибинур

керемет

Әбдеш Нұрсұлтан

Дос болайын менде сіздей шын ақынмен
Жүзі нұрлы жақсыға жаны жақынмен
Күйбең тірлік, алдамшы мына заманда
Дос таппадым өлеңнен артық жақын мен

айгерим

достык туралы плакат

Нури

Керемет жазған екен

Аяулым

Ote keremet olen eken

Дəулет Өмірсерікұлы

Тамаша айтылған. Мұқағалидай ақындар қайтадан, жоқ десе де болады.

гульдана курмансейтова

өте жақсы өлең керемет

Алуа

Тамаша маған ұнады. Керемет жазылған

САЛТАНАТ

Тамаша оте керемет

Айсулу

Өте керемет өлең,менің өмірімнен алынғандай!))

назерке

дос болам десен мендегы доспен достаскын...

Елжан

Оте жаксы

С.Назерке

Мукагалидын олендерын суйып окимын.
Оте керемет,асерлы олен екен .

Сергей

Мына жерін тусиндерип берндерши.

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Бота

Өте өте өте күшті өлең, өте өте күшті өлең екен ! ❤❤❤❤❤

Нурдаулет

Өте өте керемет маған қаты ұнады өте керемет асерлі ☝️☝️

Аіka

Өте жақсы керемет ❤❤❤

Queen

Керемет

Аман Арсен Айдосулы

ОТЕ КЕРЕМЕТ ДЕНГЕЙДЕ

aiaulym daulethan bakutjankuzy

Ote keremet mahan unady

Жұлдыз

Өте керемет екен!

Сержан

Керемет,Тамаша

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...