Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Он саусақ. Шона Смаханұлы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы
«Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жулдугулова Слушаш Мынжановна                                                                            

Пәні

Әдебиеттік оқу

Мектеп: «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Бөлім

Білім керек бәріне

Сабақтың тақырыбы:

Он саусақ. Шона Смаханұлы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жулдугулова Слушаш Мынжановна

Сынып:  2 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.1.1.1 Өлең мазмұны жайында түсіну жəне қарапайым сұрақтарға жауап беру, есте сақтау әдіс-тәсілдерін үйрету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өлең сөздерінің мағынасын түсінеді, сұраққа жауап береді

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сабақта үйренгендерін тұжырымдай алады.

Тілдік мақсат:

 

Оқушылар орындай алады: өлең шумақтарын зерттей оқу арқылы мазмұнын түсіну, идеясын ашуға мүмкіндік беру

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Еңбек - труд - abor

Мамандық - специальность - specialty

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

 -  Оқушылардың мәнерлеп оқуға деген қызығушылықтарын арттырады
 -  дыбыстарды дұрыс айтуға, сөз құрамында ажыратуға үйрене бастайды; /үштілділік/

Талқылауға арналған сұрақтар:

 -  Өлең неліктен «Он саусақ» деп аталған?
 -  Адам еңбегі не арқылы іске асады?

Не себепті деп ойлайсыз …?

Аудио/видео, таспаға жазылған материалдарды тыңдау және оқиғаның/ ақпараттың қалай берілгені туралы пікір білдіреді

Ишара:

Бейнеролик, айтылу, жазылу, оқыту, түсіндіру,

Алдыңғы оқу

Оқымысты бала. Міржақып Дулатов

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Қызығушылығын ояту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 1. Ширату жаттығуы.

        «Қандай маман иесі болғым келеді?»  шеңберге дөңгелене тұрып, өзі қандай маман иесі болғысы келе-тіндерін айтады. Ата-анасының мамандығын айтуға болады.

Санау арқылы 2 топқа бөлінеді

 2. Оқиға картасы /үй тапсырмасы/

Атауы

Оқымысты бала

Кейіпкер

Әкесі, бала

Ахуал жағдай

Бала құралдың атын ұмыттым

Шешім

Тырнауыш оның ұмытқанын есіне түсірді

Проблема

 Неліктен тыр науыштың атын ұмытты

Оқиға, жағдай

Қалада көп жүріп, өз тілін ұмытты.

3. Ұжымдық жұмыс. Жаңа білімге көпір

 Епті болса екі қол,
 Шеңбер болса он саусақ.
 Сарқылмас байлық деген соң.
 Қашпас дәулет, кетпес бақ.
 Өнері бар кісіге
 Байлық өзі келеді.
 Береке дарып ісіне
 Жоқшылықты жеңеді.
 Ерте тұрса орнынан
 Оңынан таң атады.
 Өлең не туралы? (еңбек туралы)
 - Еңбек етсек қандай боламыз?
 - Ал осы еңбекті не арқылы істейміз? (қол күші арқылы)
 - Біздің қолымыздан қандай істер келеді?

 - Бүгін біз Шона Смаханұлының «Он саусақ» өлең мәтінімен жұмыс жүргіземіз.

4. Үштілділік
Еңбек- труд -labor

Мамандық- специальность- specialty

5. Жаңа білім

1 қадам Он саусақ. Шона Смаханұлы

Автор жайында танымдық қызығушылын арттыру

Шона Смаханұлы 1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданындағы   «Ойық»  ауылында дүниеге келген. Ақын, сықақшы. Ата-анасынан ерте айрылып,  балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді.

         Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальдарымен марапатталған. Оның есімі Алматы қаласындағы мектепке берілген.                 

6. Шығармашалық жұппен жұмыс. Он саусақ

Өлеңді түсініп оқы.

Мазмұнын ашатын сұрақтар
 - Өлеңде қандай еңбек түрлері әңгімеленеді?
 - Өлең неге он саусақ деп аталған?
 - Осы өлеңдегі мамандықтар жөнінде не білесің?
 - Саған осы мамандықтың қайсысы көбірек ұнайды?

Өлең шумақтарына ат қойыңдар?

1 шумақ «Сауыншы»
2 шумақ «Күйші»

3 шумақ «құрылысшы»
4 шумақ «Бағбан»
5 шумақ «Егінші»

Ширату жаттығуы «Репортер»

Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі»

1 жұп- хабарлама

2 жұп-интервью

3 жұп- диаграмма

4 жұп- репортаж

5 жұп- пікір

Оқу мақсаты

Критерий:

Дескрипторлар

Білу, түсіну

 

 

 

 

Қолдану

Өлең  мазмұны жайында жұмыс жасай алады

Сұрақтарға жауап береді, жауаптарын саралайды

Өлеңді түсініп оқиды, сұрақтарды қояды

 

 

қарапайым  сұрақтарға жауап береді, есте сақтау әдіс - тәсілдерін үйренеді

 

 

 

7. Үштілділік.

Мамандық- специальность- specialty

8. Дәптермен жеке жұмыс.

Өлеңнен он саусақтың пайдасы туралы теріп жазу.

9. Топпен жұмыс

- Осы мамандықтың бәрі ненің арқасында жүзеге асады?     (еңбектің)
І топ- Еңбек туралы мақал-мәтел

ІІ топ- Кластер.

Он саусақ салып, әр саусаққа мамандық атауын жазады, сол мамандық туралы білгендерін суреттейді

10. Үйге тапсырма

Шона Смаханұлы туралы біліп келу,

Он саусақ –өлеңін жаттап келу

Қорытындылау

Кері байланыс

-Бұл сабақта мен үшін не қиын болды..................

- Бұл мен үшін неге қиын болды............................

- Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім, еңсере аламын.....................................................

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 Слайд №2

Қ/б – «Жұлдызша»

 

 

 

 

 

 

АКТ слайд №3 өлең шумағы

 

 

 

 

П/б-еңбекке баулу

Қ/б-  «Шапалақ»

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ слайд №4

 Аудио

/тыңдалым –айтылым/

 

 

 

АКТ слайд №5,6,7

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ слайд  №6

Қағаз, маркер, қосымша газет қиындылары, суреттер, журналдар

 

 

 

 

 

 

Қ/б-  «Жұлдызша»

 

 

 

 

 

 

Үштілділік

/ тыңдалым, айтылым/

Қ/б – «Қошемет»

 

Дәптер

Қ/б-  «Жұлдызша»

П/б- қазақ тілі

 

АКТ слайд№10

П/б- еңбекке баулу

Қ/б- «Жұлдызша»

күнделік

АКТ слайд №10

 

Қ/б-  «Смайлик»

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс –Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).

Жеке, жұптық, топтық ұжымдық

Шапалақ, смайлик, жұлдызша

еңбекке баулу, қазақ тілі рухани /тәрбие элементтері/

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды баға


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз