Өлеңдер бөлімі

Мен ерте ұйықтаймын

Сабақ: қазақ тілі       

Мектеп: 10 ЖОББМ. Балқаш қаласы

Сабақтың тақырыбы:

«Мен ерте ұйықтаймын»

Күні:12.11.2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абеубекова Шынар Айтбековна.

Сынып: 3 Б

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

 

Оқу мақсаттары

О: 3.3.4.1 - мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?)  құрастыру және оған жауап беру
 А: 3.2.3.1 - белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  - тақырып бойынша таныс сөздердің мағынасын түсінеді, неше? нешеде? қашан? деген сұрақты түсініп жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  - таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды
  - сұраққа жауап береді.
  - неше? нешеде? қашан? деген сұрақ қоя отырып тақырып бойынша әңгімеге қатысады

Кейбір оқушылар орындай алады:

  - анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді, өмірлік жағдаяттарда сан есімдерді еркін қолдана алады, өзі сұхбатқа түсіп,әңгімеге қатысады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  -  тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын түсінеді; сан есімдерді дұрыс қолдана отырып, сұхбаттаса алады.

Жетістік крийтериі: Жаңа сөздердің мағынасын дұрыс түсінеді, берілген мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, өз ойын толық жеткізеді.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Қашан, дейін, кейін, кешке, ерте, кеш

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
түске дейін, түстен кейін, кешке, ерте ұйықтаймын

Талқылауға арналған сұрақтар:

  -  Сен нешеде ұйықтайсың?
  -  Түске дейін қайда боласың?
  -  Түстен кейін қайда барасың?
  -  Ерте ұйықтайсың ба?
  -  Кеш ұйықтайсың ба?

Психологиялық ахуал.
 Мен досымды сүйемін,
 Мен әлемді сүйемін.
 Жақсы оқушы боламын,
 Кілең бестік аламын
 

Топқа бөлу 1, 2, 3, 4

1. Минут    2. Сағат               3. Секунд
Суреттегі сағаттың үш тілін алып үш топқа бөлінеді.

Алдыңғы оқу:

 

 

Сөздерді сәйкестендір, оқы.

       жетіде                                         мектепке барамын
        жеті жарымда                             үйге келемін
          сегізде                                        тұрамын,жуынамын.
        бірден кеткенде                          сабақта отырамын
        екіде                                             тамақ ішемін
         үште                           МЕН      үй  тапсырмасын орындаймын
         төртте                                         тамақ ішемін
          бесте                                           ойнаймын
         алтыда                                         теледидар көремін
         жетіде                                          кітап оқимын
         сегізде                                          тамақ ішемін
         тоғызда                                          бассеинге барамын

ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы - жұлдызша арқылы ынталандыру, бағалау

                                                      Жоспар

 

Жоспарланған

уақыт

 

Жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Басы

 

Психологиялық ахуал

 (6 минут)

Жаңа сабаққа кіріспе.«Ой шақыру».
 нешеде ұйықтаймыз?
              ерте                 кеш

         Картинки по запросу сағаттың суреттері   Картинки по запросу 11 часов

 

 

 

 

Ортасы

 

 

     (10 мин)

 

 

 

 

                              Жаңа сөздер

Лексикалық минимумдағы сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп, жұппен, топпен қайтайлайды.

қашан? –когда?
дейін-до
түске дейін-до обеда
 кейін-после
түстен кейін-после обеда
кешке-вечером
ерте-рано
кеш-поздно
Жаңа сөздердің мағынасын ашу, жаңа сөздерді қатыстырып жай сөйлемдер құрау. «Кім жылдам?» әдісі
ҚБ.Мұғалімнің мадақтауы - жұлдызша арқылы ынталандыру, бағалау

Оқылым. Мәтінмен жұмыс
2-тапсырманы оқу.
3 топ бір-біріне сұрақтар құрасытыраып айтады
 ҚБ.Мұғалімнің мадақтауы - жұлдызша арқылы ынталандыру, бағалау

Сергіту сәті
 Сағаттың тіліндей
 Иіліп оңға бір,
 Сағаттың тіліндей
 Иіліп солға бір
 Оң аяқ,сол аяқ
 Жаттығу оңай-ақ.
5-т жазылым

 

Аудиодиск

 

 

 

 

 

 

 

 

   Соңы

 (10мин)

Топтық жұмыс (қажетті суреттерді таңдап алады)
І-топ  Таңертең
ІІ-топ Түсте
ІІІ-топ Кешке
 Қағаз қиындыларын тарату және сурет қиындылары.
Керекті сөз тіркестері: ұйқыдан тұрамын, жуынамын, жаттығу жасаймын, мектепке барамын, түскі ас ішемін, кітапханаға барамын, сабақ оқимын, биге барамын, күреске барамын, үйге барамын, мультфильм көремін, кітап оқимын, сурет саламын.

Бүгін біз қандай сөздер өттік.Тізбектеп айтайықшы .

 Суретке қарап, сұрақ –жауап беру.
 Сен таңертең не істейсің?
 Сен түске дейін не істейсің?
 Сен түстен кейін не істейсің?
 Ерте ұйықтайсың ба?

сағат

Не істеді?

Дұрыс/бұрыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

фрагмент суреттер

 

«Бағдаршам» әдісі

  (5 мин)

Кері байланыс

Оқушыларға стикерлер таратылады, стикерлерді тақтадағы бағдаршамға апарып жабыстырады.

Жасыл- барлығын түсіндім

Сары – орташа түсіндім

Қызыл- түсінбедім

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз