Эссе және өлең-жыр байқауы

Жер – біздің үйіміз

Жаңаөзен қаласы Маңғыстау облысы
№19 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Джанжигитова Райса Амангельдыевна

Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, гүлдер, суреттер,
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой - толғау сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, тілек айту, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар

Тәрбие сағатының құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
 Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;

ІІ бөлім

Табиғат, экология сөздерінің мағынасын ашу
Қорытынды.«Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту. Ән шашу

Сабақтың барысы:
(Оқушылар дөңгеленіп отырады, орталарына әдемі шарлар қойылған)
І. Ұйымдастыру: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз.


1-Мұғалім
Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті, қадірменді қонақтар . № 19 орта мектептің 2 «А» сынып оқушыларының 22-сәуір халықаралық жер күніне орай  «Парктер шеруіне» ұйымдастырылған, «Жер – біздің үйіміз» атты ашық іс - шараға хош келдіңіздер.  Алдарыңызда Мөлдір бұлақ және Таза ауа деген топтарды көріп отырсыздар.
Ия, балалар,
1971 жылы 21 наурызда  БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімен  жарияланған  бұл  атаулы күн  бүгінде дүниежүзінің 167 мемлекеттінде Дүниежүзілік Жер күні  сәуірдің 22-інде  атап өтіледі.
Бұл атаулы Жер күнін  алғаш рет 1990 жылы халықаралық мейрам ретінде атап өтілді
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Жасыл ел» атты мемлекеттік бағдарламасы да жастарды, студенттерді жұмыспен қамти отырып, қоғамдықмаңызы бар бірқатар іс-шараларды қолға алып, жүзеге асырғаны шындық.

Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді.

1. Табиғат дегеніміз не өзі?

1-Жүргізуші:  
Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

2-Жүргізуші:

Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік – биік шыңдарым да әдемі.

1-Жүргізуші:  

1. Экология сөзінің мағынасы қандай?
Экология (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

2. Ауаның құрамы?
Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%).

2-Жүргізуші:
Алтынай, біздің табиғатымыз қазіргі уакытта тап-таза деп ойлайсың ба?

- Қоғамдық өндірісті, экономиканы игеру мен дамыту барысында табиғатты тоздырып жібергенімізді байқамай қалдық. Табиғи байлықты игеріп, оның дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге қастаңдық жасадық.

Берекет
Семейді полигонға айналдырдық,

Алмас
Аралды апатқа ұшыраттық,

Алтынгүл
Тың жерлерді эрозияға душар еттік, өзендерді жойдық, көлдерді құрғаттық.

2-Жүргізуші:
Осы орайда, бұдан басқа күнделікті зиян келтіріп жатқанымызды білеміз бе? Экранға назар аударайық.
Фильм көру http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11881-tabihatty_qorhajyq_ayalajyq    
Мұғалім: Бұл  фильмнен біз қандай сабақ аламыз?
Таза ауа тобы.....
Бұл фильмне біз кокыстарды кез келген жерге тастамауымыз керек.....;   
Мөлдір бұлақ тобы.......  Баклажканы, темір қалбырларды тиісті жәшіктерге салатын боламыз.......

Жаксы, Жерімізді аман сактап калу үшін, ауамыз таза, суымыз мөлдір, сарқылмас үшін кандай үлес косасыңдар?
Оны алдарыңыздағы қағаз қиындыларынан көрсетейікші.
Мұғалім:    Бұл сұраққа Дана мен Алан не деп жауап берер екен? Экранға назар аударамыз.

2-Жүргізуші:
Инабат, Қалдықтарды көбейтпеуіміз үшін бір рет қолданатын заттардың орнына кайта пайдаланатын заттар қолдануымыз керек екен ғой.

1-Жүргізуші:
Иә, республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді, Отанымызды тастап кетпейміз. Ендеше, ауыр табиғат жағдайына қарсы күресу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз,
Мемлекетіміз табиғаттағы жойылып бара жатқан жануар мен өсімдіктерге арнайы қорыктар ашкан болатын.

2-Жүргізуші:
Қазақстанда қанша қорық бар?
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған.
1. Ақсу-Жабағылы қорығы —  1926 Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігінде
Алматы қорығы- Іле Алатауының орталық бөлігінде 1931ж  құрылған.
2. Наурызым мемтекеттік табиғи  қорығы, Қостанай облысында 1931 ж  
3. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Қызылорда обл. 1939 ж құрылған.
4. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Алматы және Қарағанды обл. 1968 ж құрылған.
5. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан обл. 1976 ж құрылған.
6. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Қызылорда обл. 1939 ж құрылған.
7. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау обл. 1984 ж құрылған.
8. Батыс Алтай  мемлекеттік табиғи қорығы  Шығыс Қазақстан обл.1982 ж құрылған.
9. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Алматы, Шығыс Қаз. обл. 1998 ж құрылған.
10. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Қазақстан обл. 2004 ж құрылған.

4. Өзіміз тұратын облыста қандай қорық бар?
 /Үстірт қорығы/

1-Жүргізуші:
Біз сыныптан тыс уакытта
Үстірт мемлекеттік қорығының өкілі .........................................................
Сұхбаттаскан болатынбыз. Экранға назар аударайық.

2-Жүргізуші:
Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ.
Ендігі кезекті әдеби монтажға берелік.
Ұлы Абай атамыздың  жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері:

1-Жүргізуші:
Ендігі кезекте Жер Ана туралы көріністі тамашалайық.

1-Жүргізуші:
Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына. Жер, Табиғат, Отан, Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес, әрі мағыналас. Сондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу, қорғай білу, қастерлей білу-бәріміздің борышымыз. Табиғатымыз аман болсын! Табиғатты түсіне білейік!
Кезекті мақалдар айтысына берелік.

2. Табиғатқа байланысты мақал мәтел сайысы.

Бәрі:
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Мұғалім: Сабақты қорытындылау.
«Жүректен жүрекке»
Мөлдір бұлақ тобы сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, глобуска  кезегімен сөздерді апарып іледі.


Таза ауа тобы  Жерді аялауға қосатын үлестерін алақан макетіне жазады..

Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат – Анаға тағзым етеді.
Қорытынды
Әнмен аяқталады «Мереке»

C:\Users\01\Downloads\DSC01237.JPG

C:\Users\01\Desktop\Раиса\20172018\Сотка бала би\DSC01262.JPG

Жер шарын аялы алақанымызға ұстаймыз деп тұрған балалар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз