Эссе және өлең-жыр байқауы

Мен - табиғаттың бір бөлшегімін

«Н.Төреқұлов атындағы №121 ЖОМ» КММ-нің  
математика пәні мұғалімі Идирисова Айдын Абдигапбаровна

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен - табиғаттың бір бөлшегімін»

Мақсаты:

1) Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету.

2) Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3) Туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, табиғат туралы қанатты сөздер, гүл, шарлар.

Барысы:

Кіріспе

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен - табиғаттың бір бөлшегімін».  Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата-бабаңның «Жер - қазына, су - алтын, мол байлық»  деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.

1-жүргізуші:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат әр жүректің тамылжығын жырысың.
Ей адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама,
Өзің – дағы содан тудың - табиғаттың ұлысың.

2-жүргізуші:

Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып.

1-жүргізуші:

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңізші. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт - берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым, өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.
Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.

2-жүргізуші:

Халқымыздың табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі табиғаттың көркем келбетін, арайлы ажарын, сұлулық сымбатын сезіне білуінен бірте – бірте қалыптасқан. Табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып аса зор іңкәрлік сезімге бөлінген және табиғат сұлулығының алдында бас иген. Халқымыздың мақтанышы болған ақын Мағжан Жұмабаев жырларында туған жерге деген ыстық сезім мен зор сүйіспеншілік айрықша айтылған.

1-жүргізуші:

Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін-дей келе

Көрініс. «Әкесі мен баласы»
Әкесі мен баласы орманға келеді.
Әкесі: Ағашта қалмапты ғой өзі?
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.
Әкесі: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік дейді.
Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емеспе, табиғаттың сәні емеспе?
Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашыпағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
1-оқушы:
Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
Құс: Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбандаршы, қырықпандаршы.
Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырыпай – ақ қояйықшы
Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны: Ай сенде нәзік жүрек. Мә саған!
1-оқушы:
Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді.
Содан құс:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын не көрінді?
Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады жылағанын.
1-оқушы:
Құс әлсіреп шығып кетеді.

1-жүргізуші: Табиғатты қорғау барша халқымыздың міндеті.

Сондықтанда табиғатымызды аялап өтейік

Ән: «Әсем ән» 

2-жүргізуші: «Туған жерге туыңды тік!» — деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.

1-жүргізуші: Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал.

М.Құраловтың «Асықата» өлеңі оқылады.

2-жүргізуші: - Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер.Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

Көрініс: «Жандос пен Аққайың» ертегісі.

БАСТАУШЫ:

Мырзашөлдің жерінде,
Қоңырат деген елінде,
Мақтаарал деген ел бопты.
Егін мен малы мол бопты.
Жайқалып егін даласы,
Мақтанып өсіп бағасы.
Тамаша күн кешіпті,
Өркендеп өрлеп қаласы.
Күндерде бір күн болғанда,
Көңілі жұрттың толғанда.
Шапиро деген көпес кеп,
Жүргізді әмір бұл маңға.
Жарық пен отты сатып ап,
Бауырына басып жатып ап.
Бағасын күнде асырып,
Етіпті жұртты ақымақ.
Қыс болса халқы тоңыпты.
Қараңғы қала болыпты.
Аранын ашып көпес те,
Аямай елді сорыпты.
Тоңған жұрт амал тауыпты,
Тауыпты істі қауіпті
Құлпырған жасыл өлкеде,
Ағаштың бәрін шауыпты.
Көк жасыл өлке жайқалған,
Жер бопты көркі шайқалған.
Қой дейтін қожа болмапты,
Ар жағын енді айталман.
Сахнаға Жандостың анасы шығып, пеш қасына келіп отырып, ұлын шақырады:
- Жандос, әй, Жандос.
- Әу, апа, мен мұндамын.
Анасы:
- Келе ғой бері Жандосым,
Көңілім қалай паң болсын.
Отынға барып келе ғой,
Жылу боп үйде сән болсын.
Інілерің тоңбасын,
Ауырмасын, сау болсын.
Білемін ағаш шапқың жоқ,
Ағаштар сенің жан досың.
Жандос:
- Апатай саған таң қалам,
Жетісайда ағаш қалмаған.
Отын боп кетіп барлығы,
Түтін боп көкке самғаған.
Тап десең қалай таппайын,
Балта да міне дап-дайын.
Саябақта қалған ед.
Жалғыз досым аққайың.
Інілерім тоңған соң,
Қалайша енді шаппайын.
Анасы:
- Бара ғой, балам, бара ғой,
Амалсыз бұл да шара ғой.
Жандос балтасын иығына асып, саябаққа жүріп кетеді. Сахнаның шетіне таман бір бала аққайың болып киініп тұрады. Жандос ағаштың қасына келіп мұңайып тұрады да сөз бастайды:
- Армысың, досым, аққайың,
Сырымды саған бастайын.
Жапанда жалғыз қапсың-ау,
Сымбатты сұлу жас қайың.
Көңілім көптен күпті еді,
Жасқантушы еді жанымды.
Басқаның көз тіккені
Амалсыз өзім шаппақпын,
Күніңнің енді біткені,-
деп балтасын көтеріп сермей бергенде, аққайыңға тіл бітіп сөйлей жөнеледі:
- Тоқта, Жандос, тоқташы,
Маған балта шаппашы.
Бір күндік қана отынмын,
Ошаққа мені жақпашы.
Жаз болса саған саямын,
Қанатымды жаямын.
Жел болса елге панамын,
Сыбдырмен әнге саламын.
Хош иіс беріп жан-жаққа,
Жұтатын сендер ауамын.
Осылай жерің көктей ме,
Ағашсыз тұлдыр беткейде.
Одан да бар жұрт жиылып
Көктемде аға екпей ме?!
Ағашсыз, нусыз Мырзашөл,
Шөлге айналып кетпей ме.
Құм суырып даланы,
Қаланы көміп өтпей ме.
Балтаңды байла беліңе,
Ашыса жаның еліңе.
Шыбық қадап, тал еккін,
Көрік берсін жеріңе.
Осының бәрін ұқпасаң,
Өз ойыңды құптасаң,
Мен дайынмын, шаба бер.

Жандос ойланып тұрып:
-Түсіндім сені, аққайың,
Балтаны үйге тастайын.
Әр көктем сайын қасыңа,
Мың көшет егіп тастайын.
Балаларды бастап кеп,
Арықты ашып тастайын,
Сау бол, досым аққайың!
Сөйтіп Жандос аққайыңнан кешірім сұрап, балтасын алып кетеді.
Бір  оқушы шығып, мына өлеңді оқиды:
Міне, осылай балалар,
Табиғат тірі саналар.
«Бір тал кессең, он тал ек»
Деп кеткен бізге бабалар
Ағашпен дос болыңдар!   

Ән: «Туған жер»

1-жүргізуші: Айналамызға көз жіберсек, алуан түсті бояуға малынған сұлу көріністерді байқаймыз. Ол суреттің ішінде ағаш та, бұта да, шөп те, гүл де, өзен – көл де, тау мен тас та кіреді.

Бұлардың бәрі сені қоршаған дүние немесе табиғат деп аталады. Осы дүниенің ішінде сен де барсың,

2-жүргізуші: Мен түсіндім:еліміздің әр азаматы: «Мен –табиғаттың бір бөлшегімін» деп сезінсе, қоршаған ортаға жақсылықпен қараса, тіпті бүгінгі мерекеге келген балалар өздеріне кішкентай түсінік алып, табиғатқа қамқор болуын түсінсе, ол да өз үлесін қосқаны болып саналады.

Екі оқушы өз кезегімен монологтар оқиды.

1-жүргізуші: 

Балаларға сол бақыт-
Болса Отаны аман –сау,
Басын бұлтқа бойлатып,
Тұрса асқақтап Алатау.
Жапырақтарын жайнатып,
Әлдилесе бақша –бау.
Балаларға сол бақыт-
Жаз орманда жақса алау.

Вальс

2-жүргізуші:

Балаларға сол бақыт-
Аман болса әкесі,
Қатар өссе тәтесі,
Аман болса анасы,
Жүрсе алдында ағасы,
Болса өмір өзені,
Болса байтақ даласы!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Қорытынды

Мұғалім:

Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің,
Айың анау, күнің анау, жерің мынау
Ау, адамдар жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!
Асырайды ол сені, мені, елді де!
Адам-табиғаттың бір  бөлшегі. Адам мен табиғат үндестікте өмір сүреді.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Қош сау болыңыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз