Өлеңдер бөлімі

Әбул-Хасан Рудаки

Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы. Заманында “Ақындар атасы” атанған. Туындыларының ішінен бізге жеткені “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар. Шығармаларының негізгі идеясы — адам өмірін жырлау. Бұл дәстүр өзінен кейінгі шығыс әдебиетіне зор әсер етті. Ә. Р. өмірдің сәнді, салтанатты жағын, жақсылықты, кіршіксіз таза махаббатты мадақтады, адам бойындағы асыл қасиетті жырлады. Ә. Р. өлеңдері қазақ жұртшылығына ертеден таныс. Ақынның гуманистік сарындағы шығармалары Абай Құнанбаевқа үлкен ықпал жасады. Ә. Р. шығармаларын зерттеуге қазақ ғалымдары Т. Нұртазин, Р. Бердібаев елеулі үлес қосты. Ә. Р-дың өлеңдері Қ. Бекхожин, Ғ. Орманов, Т. Жароков, Т. Шопашев, Қ. Жұмағалиевтердің аудармасы арқылы қазақ тілінде жеке кітап болып шықты (1958, 1965, 1973)


Нақыл сөздері

...Ләйліге ұқсап көп арулар бізді ұқпас,
Мәжнүн ғана қайғы-шерге қамалар.

Ілмектер: Ләйлі, Мәжнүн, қайғы, шер, ару, махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбул-Хасан Рудаки

Білім өшпес жүрекке жанған шырақ,
Ол — көк сауыт, құрыштай қару-жарақ.

Ілмектер: білім Әбул-Хасан Рудаки

Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.

Ілмектер: ар, адам, өкініш, тағдыр, ауыр, қиын Әбул-Хасан Рудаки

Өмір - кеме, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

Ілмектер: өмір, кеме, ізгілік Әбул-Хасан Рудаки