Эссе және өлең-жыр байқауы

Артур Шопенгауэр

Шопенгауэр Артур (22 ақпан 1788, Гданьск — 21 қыркүйек 1860, Майндағы Франкфурт) — неміс философы, идеалистік бағыттың өкілі. Негізгі шығармасы “Ерік және түсінік ретіндегі әлем”. Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, И. Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды. Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі — ерік. Ол үшін ерік — абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі мен түп негізі. Шопенгауэр шынайы философия материалистердің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы (кеңістік пен уақыт), себептілік заңы (материалдық дүние), логиканынң негіз заңы (ғылыми таным) және мотивация заңы (адамның әрекетке ынталануы) болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек 20 ғасырдың орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.


Нақыл сөздері

Жаман кітап — рухани идеямызды бүлдіретін улы дәрі.

Ілмектер: жаман, кітап, рухани, идея, у, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Ақылды адамдардың жалғыздықты ұнататын себебі, олар ақымақтардың даңғаза тірлігінен қашады.

Ілмектер: ақыл, адам, жалғыздық, ұнату, даңғаза, тірлік, ақымақ Артур Шопенгауэр

Өмірдің қас жауы — қайғы мен зерігу.

Ілмектер: өмір, жау, қайғы, зерігу Артур Шопенгауэр

Өте дөрекілік танытқан адам бейне өзінің бүкіл шапанын шешіп тастап, алдымызда тыр-жалаңаш тұрғандай күй кешеді.

Ілмектер: дөрекілік, бейне Артур Шопенгауэр

Ақымақ уақытты қалай тез өткізуді ойлайды. Ақылды адам уақытты қалай тез пайдалануды ойлайды.

Ілмектер: уақыт, ақымақ, ақылды Артур Шопенгауэр

Үйлену — өз құқыңды екі есе азайтып, міндетіңді екі есе арттыру деген сөз.

Ілмектер: үйлену, құқық, міндет Артур Шопенгауэр

Денсаулық — ең ұлы қазына, басқалар оның алдында ештеңе емеc.

Ілмектер: Денсаулық, қазына, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр