Эссе және өлең-жыр байқауы

2019 жылғы химиядан Нобель сыйлығы литий-ион батареясын жасағандарға берілді

Биыл химиядан Нобель сыйлығы литий-ион батареясын жасағандарға беріледі, деп nobelprize.org сайты хабарлайды.

2019 жылғы сыйлықты химиктер - Джон Гудэнаф (John B. Goodenough), Стэнли Уиттингем (Stanley Whittingham) және Акира Ёсино (Akira Yoshino) алатын болды. Олар литий-ион аккумуляторларын әзірлеген.

Лауреаттардың есімін жариялау салтанатының трансляциясы сыйлықтың ресми сайтында тікелей көрсетілді.

Ал сыйлықты табыстаудың ресми салтанаты Альфред Нобель қайтыс болған күні - 10 желтоқсанда Стокгольмде болады. Лауреаттарға марапатты Швеция королі Карл XVI Густав табыстайды. Айта кетейік, 2019 жылғы сыйлықтың көлемі шамамен бір миллион долларға жуық. Үш химик соны бөліп алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз