Эссе және өлең-жыр байқауы

Менің туған өлкем

Ауыл деген жақсы ғой шіркін. Сол секілді әр тұлғаның туып өсіп, өркендейтін туған өлкесі болады. Ал менің туған өлкем Созақ ауданы Шолаққорған ауылы Мен үшін ыстық көрінер жерім ұлы құпияға толы тарих. «Шаянға барсаң әншімін деме, Созаққа барсаң күйшімін деме,» – дегендей бұл жер әнші-күйшілерге толы тарихы сыр шертетін елді мекен. Тарихта сақталған Ұлы Жібек жолы өткен бұл жер әулиелер мекені іспетті. Себебі, тарихта Бабай Түкті Шашты Әзіз болып сақталған Баба Түкті Шашты Әзіз әулиесі орналасқан. Суы өмірі артпайды, не таусылмайды.  Қысы жазы ағатын бұл әулиенің ерекшелігі осында болар. Жылыбұлақ, Қарттыбұлақ, Үмбас, Үштөбе, Раң сиқты өзендері өңір бойына нәр беріп тұр.  Ал Ақжар, Қызылкөл, Ақжайық секілді көлдер мүлде басқаша. Себебі, емдік қасиеті бар Қызылкөл көлі шет жақтан келетін туристерді қызықтыратын жер. Тіпті бұл жер ұлы тұлғалар елі. « Байлық қолда тұрған – мұз, бақ ұзатылған – қыз, бала адамнан қалған – із,» – деген Шойынбет би, көрнекті тіл маманы І.Кеңесбаев, аса көрнекті жазушы  Т.Әлімқұлов, тарлан жазушы С.Бақбергенов, белгілі А.Сүлейменов, Шолаққорғанда дүниеге келген Л.Омарова айта берсем өте көп. Осындай алып тұлғалардың менің туған өлкемнен шыққаны қуантарлық жағдай. Бұдан бөлек батырлар жырларында, жыраулардың шығармасынан кездестіруге болады. Оған дәлел Бұхар жыраудың « Әй Абылыай, Абылай» өлеңінде:

Ұлытау шеті Созақтан

Созақтан бергі жерлерден

Көкорай шалғын көре алмай

Шұбырып қазақ кетті ойла

деген жерінен байқауға болады.

Қанша деген мен адам баласына  туған жері жақын болып тұрады емес пе. Кішкентай кезімізде жұпар ауасын жұтып, топырағын басып, өзен-суларын көргеннен артық ләззат жоқ шығар сірә. Әсіресе, Шолаққорғанға кіріп келе жатқан кездегі оң жақ беткей мен сол жақ беткейдегі үлкен қорған көзге ерекше түседі. Сол қорғаннан кіргеннен  бастап ғажап ғимараттарды көруге болады. Әрине ол ғимараттар қаладағыдай алып болмаса да, ауылға  көрік беріп тұрғаны анық. Даңқ саябағы, жастар саябағы, тәуелсіздік саябағы, ауданға белгілі 6 бойкөтерген мектептер, ауруханалар, бала-бақшалардың, мұражайдың болуы және одан да басқа ғимараттардың бойкөтеруі мақтаныш сезімін тудырады.

Ауыл болған соң сүт-майы, айран, құрты сарқылып тұратын қойнауын айтсайшы шіркін. Сол сияқты осыларды өндіре келе «Созақ» айран мен «Созақ» тұзын шығарады. Егер осы кәсіп ары қарай дамитын болса, онда Қазақстанның шикізатына қосқан үлесіміз болар еді. Осындай жетістіктері бар туған жеріммен мақтанамын. Әр қашан да үлгі етіп жүретін– өлкем, кеудемде соғып тұратын– жүрегім.

Ашылған таң нұрындай ғажапсың ғой

Жер ана қастерлейтін бағымсың ғой

Қорғанды жерімменен танылатын

Шолақтай өлкемменен мақтанамын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...