Эссе және өлең-жыр байқауы

Пластмасса деген не?

Пластмассалар, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар.

Металдардың тарихы ескі дәуірлерден бастау алып, мың жылдардан бері адамзатқа таныс екенін білеміз. Ал синтектикалық заттардың шыққанына 60 жылдай уақыт өтсе де, өмірімізге белсене араласып, каучук, резина, силикон, химиялық талшықтардан басып озғаны айдан анық десе болады. Айналамыздағы заттарға көз жүгіртетін болсақ, мысалы: қаламсап, фломастер, теледидар қорабы, магнитофон мен радиоқабылдағыштар, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, жиһаз және көптеген тұрмыстық бұйымдардың пластмассадан жасалатыны осының дәлелі болмақ.

Атмосфералық коррозияға, қышқылдар мен сілтілерге төзімділігі, әр түрлі пішінге келетіндігі, тығыздығы төмен болып, дәмі де, иісі де болмауы, жақсы боялып, жылу, электр изоляциялық қасиеттерге ие болуы – пластмассаның ең басты артықшылықтары болып табылады.

Пласмасса – шикі мұнайдан алынатын қосынды болып табылады.

Полиэтилен – қаптама, шелек, сөмке жасау үшін қолданылады.

Перпекс (акрил спиртінің ерекше түрі) – көру линзасы, иллюминатор әйнегі, қауіпсіздік белдігін жасау үшін қолданылады.

Полиэстр – мата пен шыны талшық өндіру үшін,

Полистирол – бір рет қолданылатын ыдыстарды жасау үшін,

Эпоксидті смола – берік желім жасау үшін,

Акрилдер – бояғыштар мен кейбір киім түрлерін өндіру үшін,

Полихлорвинил – құбыр, шланг, көліктердің жабындарын өндіру үшін қолданылады.

1938 жылы АҚШ-та алғаш рет мойынтірекке (подшипник) арналған шарлар, киім, балық ауларын және теннис ракеткаларының ішектерін және т.б. заттарды жасайтын нейлон алынды. Оны жасауға Нью-Йорк және Лондон ғалымдары қатысқандықтан, оның аты осы екі қаланың «Nylon» алғашқы әріптерінен құралған.

Барлық пластмассалар мен жасанды талшықтар – қосындылардың ерекше тобы. Олар «полимерлер» деп аталады. Барлық полимерлер бір-бірімен байланысты ұсақ молекулалардың тізбегінен тұрады.

Дегенмен көптеген жасанды материалдар, соның ішінде пластмассалар табиғатта ыдырамайтындықтан, қоршаған ортаны ластауда. Сондықтан қазіргі таңда ғалымдар тікелей шикі мұнайдан өндірілмейтін, экологиялық таза пластмассаларды жасау жолында белсенді қызмет атқаруда.

Оқуға кеңес береміз:

Сіздің үйіңізде болуы мүмкін 7 улы зат

Пластикалық бөтелкедегі суды сатып алар алдында нені тексеру қажет?

Пластикалық ыдыстардың зияны

Пластикалық ыдыстардағы қауіп

Атмосфераға 10% оттегі өндіріп шығаратын бактериялардың жойылуы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз