Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Балалық шағындағы арманын миллиардтарға айналдырған адам

Twitter-дің негізін қалаушысы туралы бізге не мәлім және ол несімен танымал болып кеткенін осы материалымызда айтып береміз.

Джек Дорсидің балалық және жастық шағы

Джек Дорси 1976 жылы қарашаның 19-да Сент-Луис қаласында (Миссури штаты, АҚШ) медициналық құрал-жабдықтар инженері мен үй шаруасындағы айелдің отбасында дүниеге келді. Балалық шағында бұл бала құрдастарының арасында айрықша көзге түсе қойған жоқ, ол өте қарапайым тіпті ұялшақ болды, өйткені балалық шағында Дорсидің сөйлеу аппараты жақсы жетілмеген еді — ол кекештеніп сөйлейтін. Алайда, балақай бірінші сыныпқа барған кезде ол өзінің ешкіммен араласпайтын тұйықтығынан арыла алды. Бұған нана қою қиын, алайда сөйлеу кезіде туындайтын проблемаларын енсеру үшін бұл бала өзі ораторлық өнер курсына жазылды.

Мектепте Дорси оқудағы үлгерімділігі жағынан үздіктер ішінен табылмады, ол қарапайым оқушылардың бірі болды: ол сурет салуға әуестеніп, өнер тарихын жақсы көрді, тенниспен шұғылданды, мектеп газетінің тірлігіне белсенді атсалысты, сондай-ақ компьютерлік курстарға барып жүрді. Айта кетерлігі, Джек компьютермен әкесінің арқасында танысты. Ол жаңадан сатылымға шыққан алғашқы дербес IBM компьютерін алып келген еді.

Бала кезінде Джек қалалық карталарды жақсы көретін, оларды зерделеуге көп уақытын сарп етті. Ол қолына жолнұсқаны алып, қағазға басылған бағыт-бағдарлардың дұрыстығын тексеру үшін қаланы күні бойы аралап жүре беруге бар еді.

Бұл әуестігі жасөспірімге тасын өрге домалатуға септігін тигізді. 1990 жылы 14 жастағы Джек таксомоторлық тасымал ұйымдармен серіктестігін бастады. Оның жұмысы сол кеңселердің диспетчерлік қызметтерінің қам-қарекетін оңтайландыруға арналған бағдарламаларды жазып шығу болды. Жас Джек Дорсидің бағдарламаларының өтімді болғаны сондай, оларды әлі күнге дейін, 23 жыл өткен соң да Сент-Луис диспетчерлері пайдаланып келеді.

Джек Дорсиге Twitter-ге ұқсас бірдеңені жасап шығару туралы ой шамамен сол уақытта келген деген нұсқа бар. Бар гәп Джектің таксишілердің өзара рация арқылы сөйлесіп, қайда екенін, не істеп жатқанын бір-біріне айтатынын көріп жүргенінде. Дәл осыны миллиондаған Twitter-ді пайдаланушылар күнбе-күн істеп жүргенін білеміз.

1991 жылы жазда өздігінен үйреніп алған багдарламашы жергілікті Mira Digital Publishing компаниясына жұмысқа тұрды. Жігіттің дарыны мен талабы сол жердегі директорды таңғалдырусондай, ол бірнеше апта өткеннен кейін-ақ қалжыңдап (әзіл емес шын айтқан болуы да мүмкін) өзін «жаздық стажердің көмекшісімін» деп атай бастады.

1995 жылы мектепті бітірген Джек Дорси Миссури Ғылыми-техникалық университетіне оқуға барды. Дегенмен, ол бұл университетте ұзақ жүрген жоқ. Нью-Йоркке аңсары ауып жүрген жігіт сол қалаға кетуден үмітті болды. Және де солай болуы үшін қолынан келгеннің бәрін істеді.

Джек Дорси мансабындағы алғашқы қадамдар

Бір күні нью-йорктік Dispatch Management Services компаниясының сайтындағы олқылықты көріп қалған Джек оның басқарушысы Грег Киддке веб-ресурстың осал тұстары туралы хабарланатын хат жазуды ұйғарды. Әңгіме сайтқа «бұзып кіру» жайында болса да Грег полицияға хабарласқар жоқ. Оның орнына Грек Джекті компаниясына жұмысқа шақырды. Ешт аймақтан келген жігіт бұл ұсыныс туралы көп ойланып жатпады. Миссури университетінде бар-жоғы екі жыл оқыған Джек келіп тұрған мүмкіндікті пайдалану үшін оқуды тастап кетті.

Журналист Ник Билтон Дорсиді «Нью-Йорк университетін тастаған және кафелерде ноутбугымен бірге тойлайтын, аяқ киім сататын дүкеннің өзіне жұмысқа тұруға қабылетсіз, танауына сырға тағып алған панк тыңдаушы біртүрлі жігіт» деп есіне алады.

Кейінірек Кидд тағы бір жұмысқа, бұл жолы Оклендке шақырып, бұған жас жігіт қуана-қуана келісті. Бастапқыда Дорсидің жаңа орындағы ісі салған жерден оңға басып кете қойған жоқ. Ол жергілікті пароммен тасымалдау операторы үшін қашықтан багдарламалық жасақтама құрды, ал бос кезінде — Киддтің қызын тәрбиелеуге жәрдемдесті.

Айтпақшы, ол кезде Дорси Киддтің ауласындағы қуықтай ғана қорада (6 шаршы метр) тұрып жатты. Ешқандай жағдай жоқ жайда тұрса да, Дорсидің көңілі тоқ болатын. Оның «апартаментінде» кеңжолақты интернет, сондай-ақ қонақжай үй иесінің джакузиіне түсіп тұру мүмкіндігі болды.

Алайда, біраз уақыттан соң Джек Дорсиге бұндай бірсарынды өмірмен қош айтысуға тура келді. Бұл жігітті Силикон алқабындағылар байқап, Odeo компаниясына жұмысқа шақырды. Ол кезде компанияны үлкен үміт артылып жүрген тәжірибелі бағдарламашы және кәсіпкер Эван Уильямс — әлемге әйгілі Blogger блогтар сервисінің авторы басқарып отырған болатын. Бұл сервисті Эван кезінде Google-ға сатып жіберді де, мақсаты әлеуетті тұрғыда пайдасы қомақты интернет-стартаптарды дамыту болған компанияны құрды.

Бас кезінде Odeo-дағы жұмысы жап-жақсы жүріп жатты, бірақ 2006 жылға қарай жағдай нашарлай бастады. Бұлай болуына жаңа жобаларға арналған идеялар тоқырауы себеп болды, одан соң қаржылық қиындықтар туындай бастады (инвесторлар Odeo-ны қолдауды доғара бастады).

Twitter-дің құрылу тарихы

Енді мына қызыққа қараңыз. Компанияның проблемалары Джек Дорсиді оның мерейлі сәтіне қарай сүйреді. Бір күні ол Эванға пайдаланушыларға (интернетті) олардың достары дәл қазір не істеп жатқанын біліп отыру мүмкіндігін ұсынатын веб-сервис құру туралы идеясын айтып береді. Бұл ұсынысқа қызығушылық танытқан Эван Уильямс жобаның бета-нұсқасын жасап шығаруға екі апта уақыт берді.

Джек өзінің баяғыдан келе жатқан арманын ақикатқа айналдыруды кейінге қалдырып жатпады. Флориан Уэббердің (Odeo-ның жетекші бағдарламашысы) қолдауына ие болған Джек Дорси оған берілген уақытта тапсырманы орындап шықты. Нәтижесінде 14 күн ішінде жаңа сервистің бағдарламалық коды ғана емес, сонымен қатар оның Twitter («шықылықтаушы») деген атауы да дайын болды.

Жаңа микроблогтар сервисінің болашағы жарқын болғаны сондай, оны іске асыруға компанияның басқа қызметкерлері бірінен соң бірі тартылып жатты. Бұндай кадрлардың тұрақтамауы Джек Дорсидің жобасын жеке компания қылып бөлек шығаруға алып келді.

2006 жылғы наурыздың 21 күні Twitter өміріндегі ең елеулі оқиғалардың бірі болды — Джек Дорси «just setting up my twttr», ағылшыншадан «твиттерімді икемдеп жатырмын» деп тәржімалауға болатын тарихтағы ең бірінші твитті жариялады.  Бірнеше ай өткен соң, 2006 жылғы шілденің ортасында интернет-қауымдастық сервистің көпшілікке арналған нұсқасына көзайым болды.

Алайда, Twitter-дің құрылуының мүлдем өзгеше нұсқасы да бар. Мысалы, «Hatching Twitter: A True Story of Money, Power, Friendship and Betrayal» кітабының авторы Ник Билтон былай деп жазады: Дорси бірінен бірі өткен оқиғаларды ойлап таба береді. Vanity Fair-ге берген сұхбатында ол Twitterd-i құру идеясы оған 8 жасында, 1984 жылы келгенін айтады. Сосын ол идеяның карталарды, пойыздарды, қалалардың тірлігін бақылаудан туындағанын айтады. Содан кейін Twitter-дің идеясы Саус-Парктегі спорт алаңында пайда болғанын айтады. Twitter-дің құрылу идеялараның легі Дорсидің жаңа имиджінің пайда болуымен аяқталды. Ол Стив Джобсқа ұқсауға тырыса бастады, өзі киініп жүретін киім стильін ойлап тапты: барлық түймесі салынып тұратын ақ Dior жейдесі, көк джинс және қара блейзер.

Джек Дорсидің басқа жобасы — Square

Бұған қоса, Джек электронды төлемдерді қабылдауға және өңдеуге арналған шешімдерді әзірлеген Square компаниясының негізін қалады. Джек Дорси Twitter Inc. кеңесінің төрағасы болып тағайындала салып, ұтқыр (мобильді) құрылғыларда кредит карталарын қабылдауға  арналған жаңа платформаны жасай бастады.

Оның жасағаны iPod, iPhone, iPod touch және Android орнатылған құрылғылардың бәріне қосыла беретін кішігірім төртбұрышты бұйым болды. Гаджет құлаққапқа арналған жалғауыш арқылы қосылып, банк картасымен шоттарды өтеуге, қаражат аударуға және басқа қаржылық операцияларды орындауға мүмкіндік берді.  

Қазіргі таңда компанияда 800-ге жуық адам жұмыс істеп жүр. 2012 жылы Business Insider журналы Square Inc. компаниясын 3,2 миллиард долларға бағалады.

Джек Дорси ноутбукты пайдаланбайды

Ең қызықтысы сол, Twitter-дің негізін қалаушысы ноутбукты пайдаланбайды, өйткені ноутбук, Дорсидің өзінің айтуынша, оның ойын басқаға аудара береді. Есесіне бұл кісі бәрін смарфоны арқылы істей береді: тіпті көлемді мәтіндерді де теріп шығады, дәлірегінде дыбысты көмекшісіне айтып отырады.

Бір атап өтерлігі, кәсіпкер компьютерлер мен телефондар адамның бүкіл уақытын жоқ қылып жатыр, өйткені оларда көптеген қызықты нәрселер бар, деп есептейді. Бұлай болмауы үшін Дорси бірнеше әдетті бойына сіңірді: таңертең, жұмысқа бармай тұрып, телефонын тексермейді, ал жұмыс істеуі керек болған кезде барлық хабарламаларды өшіріп тастайды.

Twitter-ді құрушы хабарламалар жоқ телефонның бүкіл экранында бір қосымша ғана тұрып, оған кіріс хабарламаларға жауап жаза берудің қажеті болмайтынын айты.

«Жұмыс істегенде көз алдыңа бәрі жалп-жалп етіп шыға беріп, ойыңды бөле бергеннің орнына мен алдымда тұрған нәрсеге көңіл бөлемін», — деп атап өтті Дорси.

Дорсидің тағы бір назарын басқаға аудармаудың тәсілі — кеңес жиындарында гаджеттерді аулаққа қою.

«Кездесу кезінде талқылау нысаны назарда болуы үшін және уақытты әйтеуір бірге өткізіп қана қоймай, оны мәнді ету үшін телефондарды ары алып қойып, ноутбуктерді жауып қоямыз», — дейді ол.

Кәсіпкердің пікірінше, егер компьютерлер мен телефондар қосулы тұрса, кеңес босқа өтеді — бәрінің зейіні басқаға ауып кете береді.

Джек Дорси қаншама кереғарлыққа толып тұрса да, оның шығарған өніміне көпшіліктің ықыласы ерекше, бұған Twitter-ге тіркелген 200 миллион пайдаланушы мен миллиардтарды құрайтын дәулеті дәлел. Және де Twitter-дің бұрынғы қызметкерлерінің бірі айтқанындай: Джек Дорсидің шығарған ең өтімді өнімі — ол Джек Дорсидің өзі.

Оқуға кеңес береміз:

Уолт Дисней жетістігінің тарихы

Toyota тарихы: тоқыма станоктың орнын көлікке алмастыру

Коносуке Мацуситаның өмірі мен жетістікке жету тарихы

Неміс дәріханасынан әлемдік косметика империясына дейін: Schwarzkopf тарихы

Honda маркасының тарихы

Үрей патшасы – Альфред Хичкок

Балық аулауға деген қызығушылық HARLEY-DAVIDSON компаниясын құруға себеп болған

Джек Ма: Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз

Азияның ең бай адамдарының бірі Джек Маның жетістікке жету тарихы

Әлемдегі ең жаны сірі актер — Джеки Чанның өмірі мен тағдыры

Илон Маск деген кім және әлемнің өзгеруіне қандай ықпалы бар?

Samsung компаниясының тарихы: Корея техникасы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Қайсар

Бізде шашын бояды, мұрнына сырға тақты деп жерге тығып жіберермеді...

Айдын

Америкада неше Әлеуметтік желі бар?

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...