Өлеңдер бөлімі

СҚО-да сауалнамаға қатысқан ЖОО студенттерінің 24% пара бергендерін айтқан

СҚО-да әлеуметтік зерттеу кезінде жергілікті жоғары оқу орны студенттерінің 24% оқытушыларға пара бергендіктерін айтты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары мен студенттері арасында жасырын сауалнама әдісімен әлеуметтік зерттеу жүргізді.  «Пара алдыңыз ба, бердіңіз бе» деген сауалға ұстаздардың 78% «Жоқ» деп жауап берсе, қалғандары - 22% -і жауап беруден бас тартқан.

«Өкінішке орай студенттердің жауабы көңіл көншітпейді. Сауалнамаға қатысқандардың 24%-і немесе 41 студент пара бергенін жазған. Біз, әрине, «білім беру саласында сыбайлас жемқорлық жоқ» деп сеніммен айта алмаймыз. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыратын боламыз», - деді департамент директоры Елена Степаненко брифингте.

Сауалнамаға қатысқандардың пікірінше,  сыбайлас жемқорлық - білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау салаларында кең етек алған. Респонденттерге, сондай-ақ «оқытушыларға пара алуға, ал студенттерге пара беруге не себеп» деген де сұрақ қойылған. Нәтижесінде студенттердің пәнді оқығысы келмегендіктен «бармақ басты, көз қысты» әрекетке баратындығы анықталды. 

Сауалнаманың қорытындысы республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жіберілді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...