Өлеңдер бөлімі

Пластикалық ыдыстардағы қауіп

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан пластикалық ыдыстардан тұтынылатын суларда гормон жүйесіне әсер етіп, бедеулікке себеп болатын, балалардың жетілуін тежейтін, иммунитет жүйесін бұзатын және қатерлі ісікке себеп болатын уытты заттар бар екендігі мәлімденген болатын. Ал Канада үкіметі балаға сүт беретін пластикалық бөтелкелерге ресми түрде тыйым салды. Канаданың денсаулық сақтау министрлігі пластикалық ыдыстардың құрамындағы «Бисфенол А» қоспасын улы және қауіпті заттар қатарына жатқызып, «Бисфенол А» ыстыққа тап болғанда кансерогендік әсер қалдыратындықтан халықты пластикалық ыдыстарды қолданбауға шақырды. Зерттеулер пластикке қаттылық пен мөлдірлік қасиетін беретін «Бисфенол А» қоспасының тіпті ана сүтіне де өтетіндігін көрсетті. Мамандардың айтуынша «Бисфенол А» күн астында немесе 50 градусқа тап болғанда еріп азыққа араласады. Азық арқылы денеге сіңген бұл химиялық қоспа гормондарға ұқсас келетіндіктен өсу гормоны, эстроген, тестестерон гормондарының бөлінуі азаяды. Бұл гормондардың азаюы әйелдерде де, еркектерде де бедеулікке себеп болады. Сондай-ақ зерттеулерде пластик құрамында болатын «Бисфенол А», «диоксин», «фталат» қоспасымен әсерленген ана жатырындағы бала, жаңа туған сәби және жеткіншек балаларда жетілу және өсу үрдісінде келеңсіздіктерге, ерте жыныстық жетілуге, ал ересектерде қатерлі ісік, простатит, жүрек-қан тамыры аурулары, семіздік, қант диабеті ауруларына себеп болатындығы мәлімденді.

Аздаған кеңес

Мамандар пластикалық бұйымдарды тіршілігімізден бір жола шығара алмасақ, ең болмағанда болымсыз әсерлерін азайту үшін мына қарапайым кеңестерге құлақ түруге шақырады:

♦ Пластикалық ыдыстарды тоңазытқышқа қоймаңыз. Микротолқынды пешке, ыдыс жуатын машинаға салмаңыз.

♦ Көлікте немесе күн астында қалып қойған пластикалық шөлмектегі суды тұтынбаңыз. 

♦ Үйде тұтынуға алынған пластикалық ыдыстағы суды дереу шыны ыдысқа ауыстырған жөн.

♦ Аяғы ауыр әйелдердің пластикалық ыдыстарға мүлдем жоламағаны абзал.

♦ Сәбиге сүт беру үшін шыны бөтелке қолданыңыз.

♦ Ыстық шай немесе кофе үшін пластикалық стакан емес, қағаз стакан қолданған жөн.

♦ Пластикалық ыдыстарды мұздатпау керек. Мұздатқан жағдайда пластик құрамындағы диоксин бөлініп шығады. Диоксин әсіресе кеуде қатерлі ісігіне жол ашатындығы мәлім.

♦ Ас үйдегі пластикалық ыдыстарды барынша шыны ыдысқа ауыстырыңыз.

♦ Ойыншықтардан мейлінше қорғасынсыз бояу қолданылған және ағаштан жасалған ойыншықтарды таңдаған жөн.

♦ Пластикалық ыдыстардың төменгі жағында үшбұрыш ішінде, 1-ден 7-ге дейінгі сандармен белгіленеді. 3, 6 және 7 сандарымен белгіленгендері аса зиянды болып келеді. Сондықтан мүмкіндігінше 1, 2, 4, 5 сандарымен белгіленген және бисфенолсыз (BPA free) деп таңбаланған пластиктерді қолданған жөн.

Оқуға кеңес береміз:

Пластикалық бөтелкедегі суды сатып алар алдында нені тексеру қажет.

Пластикалық ыдыстардың зияны


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...